3 күн бұрын
Ерлер боксы құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Қазақстанның ерлер құрамасының жаңа бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды. Ол бұған дейін ұлттық команданың бапкерлер құрамында жұмыс істеп, Қайрат Сәтжановпен бірге жаттықтырушылық тәжірибе жинаған. Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болған еді.
Нұржан Насанов 1975 жылғы 23 қазанда туған. Жаттықтырушы ретінде мансабын 2016 жылы бастаған. Оның шәкірттері арасында екі мәрте әлем чемпионы атанған Санжар Ташкенбай және басқа да табысты боксшылар бар. 2024 жылғы тамыздан бастап Насанов Сәтжанов басқаратын құраманың штабына қосылып, спортшыларды халықаралық турнирлерге дайындау тәжірибесін арттырды.
Қазақстан Бокс Федерациясының ресми хабарлауынша, ҚР Құрметті жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты құрамадан кетіп, қызметін аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас