3 күн бұрын

Бақыт Сәрсекбаев жаңа қызметке келді

Бақыт Сәрсекбаев жаңа қызметке келді

Фото: instagram.com/b.sarsekbayev/

Қазақстандық маман Бақыт Сәрсекбаев алдағы уақытта бокстан еліміздің жастар құрамасының тізгінін ұстайды, - деп хабарлайды Sport12.kz. 

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады, алайда аталмыш команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылады. 

Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.

Сәрсекбаев Бақыт Абдрахманұлы 1981 жылдың 29 қарашасында дүниеге келген. Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия Ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы.

2024 жылдың.желтоқсан айынан U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас