3 күн бұрын
Бас бапкер Қайрат Сәтжанов қандай ісімен есте қалды?
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Бүгін бокстан бір жарым жылдай ұлттық құраманы баптаған Қайрат Сәтжанов өз мансабында екінші мәрте денсаулығына байланысты қызметтен кетті. Ол бас бапкер ретінде немісен есе қалды. Sport12.kz. тілшісі Қанат Байұзақов осы тақырыпта ой қозғап көрді.
Құрамаға қалай келді?
2024 жылы сәуір айында ғана жастар құрамасының тізгінін алған Қайрат Сәтжанов Париж Олимпиадасынан соң, ұлттық құрамаға жоғарлады.
Ұлттық құрама қандай ірі жарысқа қатысты?
Қайрат Сәтжанов өз мансабында 3 мәрте жаһандық додаға шәкірттерін апарып, 9 әлем чемпионын шығарды. Дәл осындай көрсеткішке Мырзағали Айтжанов та ие. Бірақ Мырзағали бас бапкер ретінде 5 рет әлем чемпионатына барды.
Азия чемпионаты (2024 жыл, Таиланд)
5 алтын, 4 күміс, 1 қола
6 боксшы алғаш рет сары құрлықтың додасына қатысты.
Әлем чемпионаты (2025 жыл, Англия)
4 алтын
4 боксшы дебют жасады.
Әлем чемпионаты (2025 жыл, БАӘ)
3 алтын, 1 күміс, 2 қола
5 боксшы дебют жасады.
Қандай батыл шешімдер қабылдады?
Ардагерлерге қайта мүмкіндік
Абылайхан Жүсіпов қайта әуесқой боксқа оралып, өз мансабында алғаш рет Азия және әлем чемпионы атанды.
Бекзад Нұрдәулетов те өз мансабында бірінші мәрте Азия чемпионатында топ жарды. Өкінішке қарай, әлем чемпионатында 85 келіде басты фаворит саналса да, алғашқы айналымда сенсациялық жеңіліске ұшырады.
Төрехан Сабырханның ең жас әлем чемпионы атануы
Қайрат Сәтжанов Астанадағы әлем Кубогы кезеңінен кейін Төрехан Сабырханның әлем чемпионатына баратынын мәлімдеді. Нәтижесінде ол (19 жас, 7 ай, 1 күн) алтын медальді мойынына тақты.
Дубайдағы әлем чемпионатына қосалқы құрамды жіберу
Бас бапкер Ресей мен Өзбекстан Дубайдағы әлем чемпионатына ең үздік құрамын жіберді. Ал Қайрат Сәтжанов Семейде Қазақстан чемпионы атанған спортшыларға мүмкіндік берді.
Қорытынды
Жақсы көрсеткіштерімен есте қалса да, Қайрат Сәтжанов жазғы Олимпиадаға бас бапкер ретінде бармаған бірінші бапкер ретінде қала берді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас