2 күн бұрын

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау қашан өтеді?

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау қашан өтеді?

Фото: No Limit Boxing

Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков боксшы Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша тәртіптік тыңдаудың өткізу күні белгіленгенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тыңдау күні 2026 жылғы 19 қаңтарға белгіленген. Өткізу уақыты мен орны белгіленген тәртіпке сәйкес барлық мүдделі тараптарға қосымша хабарланатын болады.

- Федерация істің қаралуы қолданыстағы регламенттер, процестік әділдік қағидаттары, кінәсіздік презумпциясы және халықаралық антидопингтік стандарттар аясында қатаң түрде жүзеге асатынын атап өтеді. Түпкілікті шешім шығарылғанға дейін кез келген алыпсатарлық пен жария түрде қорытынды жасауға жол берілмейді деп санаймыз, -деді Рақымжан Ерденбеков.

Оның айтуынша, Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы дәйекті түрде төмендегі қағидаттарды қорғайды:

— спорттың тазалығы,

— спортшылардың құқықтарын қорғау,

— федерацияның институционалдық егемендігі.

Барлық кейінгі процестік қадамдар туралы ресми түрде хабарланатын болады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас