1 күн бұрын

Бек Нурмаганбеттің қаңтар айындағы жекпе-жегі кейінге шегерілді

Бек Нурмаганбеттің қаңтар айындағы жекпе-жегі кейінге шегерілді

«Канело» командасындағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет қаңтар айына жоспарланған жекпе-жегінің өтпей қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 31 қаңтарға белгіленген кездесу түрлі себептермен кейінге шегерілген, енді келесі жекпе-жек наурыз айында өтеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Бек Нұрмағанбет Сауль «Канело» Альварес пен блогер-боксшы Джейк Пол арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, Джейк Полдың қаржы үшін кез келген қарсыласпен шығуға дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет – екінші орта салмақта жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы. Оның кәсіби мансабында 15 жеңіс бар, соның 13-і нокаутпен аяқталған. Ол соңғы төрт жылдан бері «Канелоның» спарринг-серіктесі әрі жақын серігі саналады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас