2 сағат бұрын
Қазақстандық экс-әлем чемпионы Сергей Липинец мансабын аяқтайтынын айтты
Қазақстан атынан өнер көрсеткен бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын айтты.
Бокстан экс-әлем чемпионы әлеуметтік желіде оқырмандарының бірінің сұрағына жауап берді. Instagram қолданушысы одан: «Келесі жекпе-жек қашан?» деп сұраған.
— Менің ойымша, кәсіби спорттағы мансабымды аяқтайтын уақыт келді. Мен кикбоксингтен де (әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында), кәсіпқой бокстан да әлем чемпионы болдым, — деп жазды Сергей Липинец.
Айта кетейік, Сергей Липинец соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Канададағы Монреаль қаласында өткен бокс кешінде өткізді. Кештің қосалқы басты кездесуінде ол Канадада тұратын ресейлік боксшы Артур Биярслановтан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалған еді.
Қазіргі таңда Липинецтің кәсіпқой бокстағы рекорды — 18 жеңіс, 5 жеңіліс және 1 тең ойын, оның 13-і нокаутпен аяқталған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас