22 сағат бұрын
World Boxing 2026 жылға арналған жарыстар күнтізбесін жариялады
Халықаралық әуесқой бокс федерациясы World Boxing 2026 жылға арналған жарыстар күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алдағы жылдың басты турнирлерінің қатарында Азия және Еуропа чемпионаттары, сондай-ақ жазғы Азия ойындары бар. Бұдан бөлек, World Boxing өткен жылдағыдай Әлем кубогын өткізеді. Бұл жарыс үш кезеңнен тұрады. Ал финалдық кезең жыл соңында Өзбекстанда өтеді.
World Boxing ұйымының алдағы 12 айға арналған толық жарыстар күнтізбесі төмендегідей:
- 8–15 наурыз — World Boxing Futures Cup 2026 U19 (Бангкок, Таиланд)
- 28 наурыз – 11 сәуір — Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты (Ұлан-Батыр, Моңғолия)
- 20–26 сәуір — World Boxing Әлем кубогы, I кезең (ерлер мен әйелдер) (Фос-ду-Игуасу, Бразилия)
- 15–20 маусым — World Boxing Әлем кубогы, II кезең (ерлер мен әйелдер) (Гуйян, Қытай)
- 23 шілде – 2 тамыз — Достастық ойындары (ерлер мен әйелдер) (Глазго, Шотландия)
- 15–26 қыркүйек — Бокстан Еуропа чемпионаты (ерлер мен әйелдер) (София, Болгария)
- 19 қыркүйек – 4 қазан — Азия ойындары (ерлер мен әйелдер) (Айти–Нагоя, Жапония)
- 10–17 қазан — Панамерикалық бокс чемпионаты (ерлер мен әйелдер) (Пуэбла, Мексика)
- 31 қазан – 13 қараша — Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары (Дакар, Сенегал)
- 25 қараша – 2 желтоқсан — World Boxing Әлем кубогы, финалдық кезең (Ташкент, Өзбекстан)
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов