3 сағат бұрын
Жеңілмеген қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағына таласады
Кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) рингке оралуға дайындықты жалғастыруда.
Спортшының жаттығу жиыны Таиландтағы Пхукет аралында өтіп жатыр. Мейіріммен бірге жұмыс істейтін жаттықтырушы Джон Хатчинсон Instagram парақшасында боксшымен түскен суретін жариялап, оның әлем чемпионы атағын жеңіп алуға толық дайын екенін атап өтті.
«Жаттығу жиыны енді тек қарқын туралы емес. Ең бастысы — дәлдік. Белдікке жететін уақыт келді», — деп жазды Хатчинсон.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болып табылады. Қазіргі таңда бұл белдік Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) тиесілі. Сонымен қатар қазақстандық боксшы соңғы рет рингке 2023 жылы шыққан.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!