12 сағат бұрын

Сауль Альварес келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеді

Сауль Альварес келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеді

Екінші орта салмақта экс-абсолютті әлем чемпионы  Сауль «Канело» Альварес (63–3–2, 29 КО) 12 қыркүйекте рингке қайта оралады, деп хабарлайды Sport12.kz.

35 жастағы мексикалық боксшы өз оралуы туралы Сауд Арабиясының ойын-сауық істері басқармасының басшысы Турки әл Аш-Шейхпен кездесуі барысында мәлімдеді.

Туркидің айтуынша, алдағы жекпе-жекте әлем чемпионының титулы сарапқа салынады. Шоу Эр-Риядта «Мексика - әлемнің қалған бөлігіне қарсы» форматында өтеді және Канелоның Canelo Promotions атты промоутерлік компаниясы үшін дебюттік шара болмақ.

Ол бұған дейін  2025 жылдың 13 қыркүйегінде жоғары салмаққа көтерілген Теренс Кроуфордтан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!