11 сағат бұрын

Бокстан экс-бас бапкер Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетілді

Бокстан экс-бас бапкер Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетілді

Бүгін Астанада бокстан ұлттық құраманы баптаған Қайрат Сәтжановқа пәтер мен автокөлік берілді, деп хабарлайды Sport12.kz

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев экс-бас бапкерге Toyota Land Cruiser 300 автокөлігі мен Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін берді.

Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов 2024 жылы Париж Олимпиадасынан кейін ұлттық құраманы тізгіндеп, 2025 жылы Ливерпульдегі әлем чемпионатында 4 алтын және Дубайдағы жаһандық додада 3 алтын медальді жеңіп алған болатын.

Оның қаңтар айының басында ұлттық құрамадан кетуі әлеуметтік желіде наразылықты туындатып, тіпті оның қызы әділетсіз деп бағалаған болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!