10 сағат бұрын

Қайрат Сәтжанов Қазақстан бокс федерациясы вице-президенті қызметін атқарады

Қайрат Сәтжанов Қазақстан бокс федерациясы вице-президенті қызметін атқарады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әр жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарған Сәтжанов Қайрат Тұрсынханұлы Қазақстан бокс федерациясы вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне келді.

Қайрат Тұрсынханұлы жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейді.

Ал бокстан Олимпиада Ойындарының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ділдәбеков Мұхтархан Қабыланбекұлы боксты дамыту, ішкі үйлестіру мәселелеріне жауап беретін вице-президент қызметіне ауысты. 

2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды. 



Біздің серіктес: Бізге тіркел!