10 сағат бұрын
Қайрат Сәтжанов: өз еркіммен қызметтен кеттім
Қазақстан ерлер бокс құрамасының экс-бас бапкері Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz
«Осы бір жарым жыл ішінде біз көптеген жарыстарда талай биіктерді бағындырдық. Турнирлерде командалық есепте үнемі бірінші орындарды иелендік. Биыл бізді көптеген ірі әрі жауапты жарыстар күтіп тұр. Наурыз айында Азия чемпионаты мен Әлем кубогының кезеңдері өтеді. Ең ірі жарыс — қыркүйек айында өтетін Азия ойындары. Ұлттық құраманың барлығына осы турнирлерде сәттілік пен жеңіс тілеймін. Спортшылар жеңістермен және алтын медальдармен оралсын.
Сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен өз еркіммен кеткенімді атап өткім келеді. Федерация басшылығы маған бапкерлер құрамымен жұмыс істеу бойынша жаңа қызмет ұсынды. Жүктелген міндеттерді абыроймен атқару үшін бар күш-жігерімді саламын», — деді бапкер.
Айта кетейік, 10 қаңтарда Сәтжанов денсаулық жағдайына байланысты Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті. Ал оның орнына Нұржан Насанов тағайындалды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов