3 күн бұрын
Бокстан Өзбекстан чемпионатына шетелдік төрешілер шақыртылды
Ташкент қаласында ересектер арасында Өзбекстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олимпиадалық қалашықтағы «Яккакурашлар» аренасында ересектер арасындағы Өзбекстан чемпионаты жалғасуда. Бүгінгі таңда турнирде ширек финалдық жекпе-жектер басталды.
Жекпе-жектердің әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан бокс федерациясы ел чемпионатына шетелдік төрешілерді шақырды.
Биылғы турнирде Румыния, Иордания, Моңғолия, Гватемала, Марокко, Венгрия, Зимбабве, Пуэрто-Рико және Мексика елдерінен келген тоғыз төреші мен бір инспектор (супервайзер) қазылық етуде.
Инспектор:
Сима Виорел Эмиль (Румыния)
Төрешілер:
Рами Аднан Сабри (Иордания)
Батсух Болдбат (Моңғолия)
Пастор Арреага Эмерсон Алехандро (Гватемала)
Муфассир Саид (Марокко)
Писарро Вальдес Хулио Анхель (Пуэрто-Рико)
Суилми Мухсин (Марокко)
Масиямбумби Стивен (Зимбабве)
Моралес Хавьер Мария Дель Пилар (Мексика)
Бабаи Шандор (Венгрия)
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов