14 сағат бұрын

«Ливерпуль» бапкері Чемпиондар лигасынан кейін кетуі мүмкін

«Ливерпуль» бапкері Чемпиондар лигасынан кейін кетуі мүмкін

«Ливерпуль» клубының бас бапкері Арне Слот жақын арада қызметінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz

Егер команда Чемпиондар лигасындағы алдағы матчта «Марсельден» жеңілсе, «Ливерпуль» басшылығы Слотты отставкаға жіберуді жоспарлап отыр.

Клубқа жақын дереккөздердің хабарлауынша, басшылықтың шыдамы таусылуға жақын. Сондықтан бұл жеңіліс бапкерді бірден қызметтен босату туралы шешім қабылдауға себеп болуы мүмкін.

Арне Слот «Ливерпульді» 2024 жылдың жазында тізгіндеген. Оның жетекшілігімен мерсисайдтықтар Англия чемпионы атанғанымен, биылғы маусым команда үшін оңай өтіп жатқан жоқ.

Чемпиондар лигасының жетінші турындағы «Марсель» мен «Ливерпуль» арасындағы матч 21 қаңтарда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 01:00-де басталады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!