11 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасының қорытындысы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасының қорытындысы белгілі болды

Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков IBF/WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін растағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Жуырда Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын қорытынды сараптама келді. B сынамасынан Жәнібек Әлімханұлының ағзасында допинг бар екенін растады. Қазіргі таңда Жәнібекке қатысты заңды құқыққа біздің федерация өз қолына алды. Себебі ол федерациямыздың лицензияланған боксшысы. Сонымен қатар, оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямызбен өткізілді. Қазір басты мәселе — ол бұл затты саналы түрде қабылдады ма, әлде ол ағзаға қалай түсті? Осы сұрақ ашық тұр», — деп Рақымжан Ерденбеков.

Желтоқсан айында Әлімханұлының допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний анықталып, соның салдарынан оның кубалық Эрисланди Лараға қарсы үш әлем чемпиондық белбеуін біріктіретін жекпе-жегі өтпей қалды.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!