4 сағат бұрын
Қарағандыда Олимпиада чемпионы Сәпиевті соққыға жықты
Қарағанды қаласында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасында жанжал шықты. Оқиға 21 қаңтар күні қаладағы спорт нысандарының бірінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі тарап арасындағы сөзге келу төбелеске ұласқан. Соның салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы бапқа сәйкес айыппұл салу, қоғамдық жұмысқа тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл жағдайдың тексеріліп жатқанын растады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.
Еске салайық, Серік Сәпиев – 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. Ал Даурен Есімханов – оның орынбасары, самбодан Азия және әлем жарыстарының жүлдегері.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!