4 күн бұрын

Серік Сәпиев жанжалға қатысты пікір білдірді

Серік Сәпиев жанжалға қатысты пікір білдірді

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжалға айналған оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты мынаны атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметтің этикалық нормаларын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Мен өз мүмкіндіктерімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілікті толық түсінемін. Сондықтан ешқандай арандатуға ермеймін. Бұл мәселе толық қаралып, жабылды деп есептеймін», — деп жазды Сәпиев өзінің Instagram парақшасында.

Бұған дейін желіде Сәпиевті кабинеттен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия мен әлем чемпионаттарының жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы Есімхановтың итеріп шығарып жатқан видеосы тараған болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!