4 күн бұрын
Қазақстандық нокаутшы алғаш рет жеңіліс тапты
Қазақстандық кәсіби боксшы Айдос Медет АҚШ-та екінші рет рингке шықты.
Лонг-Бич, Калифорния штатында өткен бокс кешінде ол АҚШ-та тұратын армян спортшысы Азат Ованнисянмен кездесіп, екінші жеңіл салмақта 8 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңіліс тапты.
Осылайша, Медет кәсіби рингтегі 13 жеңістен кейін алғашқы рет ұтылды (оның ішінде 9 жеңіс нокаутпен). Ал Ованнисян өзінің 22-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті (оның 17-сі нокаутпен), ал мансабында 6 жеңіліс бар.
Айта кетейік, 2018 жылы Азат Ованнисян WBC әлем чемпионы атағына екінші жеңіл салмақта мексикалық Рэй Варгасқа қарсы шыққан еді, бірақ төрешілердің бір ауыздан шешімімен ұтылды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!