3 күн бұрын

Өзбекстаннан шыққан қазақ боксшысы жаңа титул үшін жекпе-жек өткізеді

Өзбекстаннан шыққан қазақ боксшысы жаңа титул үшін жекпе-жек өткізеді

Өзбекстаннан шыққан этникалық қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев (4-0, 2 КО) алдағы жоспарларымен бөлісті.

— Келесі жекпе-жегім наурыз айына жоспарланған, қарсыласым әзірге белгісіз. Биыл үш кездесу өткізіп, қыркүйек айында чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуды көздеп отырмын. Түлкін Қиличев айтқандай, жаңа «король» болуға тырысамын, — деді Абдуллаев.

Еске салайық, Руслан Абдуллаев соңғы жекпе-жегін бір апта бұрын өткізіп, уругвайлық боксшы Эдуардо Хавьер Абреуді (14-2-2, 10 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Бұл жеңіс оған бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental Gold тұжырымы бойынша чемпиондық титул әкелді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!