2 күн бұрын

Бокстан Қазақстан құрамасы Испанияға аттанды

Бокстан Қазақстан құрамасы Испанияға аттанды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұржан Нысанов Испанияның Бенидорм қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына баратын боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Оқу-жаттығу жиыны 25 қаңтар-2 ақпан аралығында болады. Одан отандастарымыз 3-8 ақпанда Ла-Нусия қаласында жалауын көтеретін «Boxam Elite» халықаралық турнирінде бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:

50 келі. Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров

55 келі. Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек

60 келі. Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев

65 келі. Санатәлі Төлтаев

70 келі. Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мурсал

75 келі. Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков

80 келі. Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас

85 келі. Нұрбек Оралбай

90 келі. Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов

+90 келі. Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан.

- Түркістан облысында өткен 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, Испанияға жол тарттық. Бұл жақта бірлескен жаттығу жиынына, әрі қарай Boxam Elite халықаралық турниріне қатысамыз. Жарысқа жиырмаға жуық команда келеді деп күтілуде. Жылдың басы болғандықтан, боксшылар біраз уақыт шаршы алаңға шықпай қалды. Сондықтан бізге қазір жарыс тәжірибесі аса қажет. Испаниядағы турнирге екі құрам аттанды, - деді ұлттық құраманың бас бапкері.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!