13 сағат бұрын

Туризм және спорт министрі Серік Сәпиевке қатысты дауға пікірін білдірді

Туризм және спорт министрі Серік Сәпиевке қатысты дауға пікірін білдірді

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үшін Үкіметтегі брифинг барысында Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға cұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Біз барлық олимпиадалық спортшыларды лауазымдарға тағайындап жатқандай әсер қалдырады. Ал шын мәнінде мұны саусақпен санап көрсетуге болады. Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Бақтияр Артаев. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, белгілі бір жолдан өткендері осы екеуі ғана. Ал әлеуметтік желілерде барлық спортшылар белгілі бір қызметтерге тағайындалып жатқандай кең талқыланып жатыр. Бұл тағы да қайталап айтамын. Бұрын депутат болған, аудан әкімі қызметін атқарған, спорт басқармаларын, Спорт комитетін басқарған. Бүгінде өздері туған, тәрбиеленген өңірлеріне оралып, сол жерде спортты дамытып жүрген адамдар», – деді министр.

Айта кетейік, кейінгі күндері Қарағанды қаласындағы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің даулы оқиғасына қатысты жайт әлі басылмай тұр.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!