13 сағат бұрын

Қамшыбек Қоңқабаевтың Олимпиададағы қарсыласы әлем чемпиондығына таласады

Қамшыбек Қоңқабаевтың Олимпиададағы қарсыласы әлем чемпиондығына таласады

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Ричард Торрес (14-0, 12 КО) пен Фрэнк Санчес (25-1, 18 КО) IBF тұжырымы бойынша әлем чемпиондығы деген атаққа бір қадам жақындай түспек, деп хабарлайды Sport12.kz

Қос боксшының жеңімпазы IBF (сонымен қатар WBA және WBC) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усикпен жұдырықтасу құқығына ие болады.

Инсайдер Дэн Рафаэлдің хабарлауынша, Торрес пен Санчес келісімге келді. Шолушы бұл ақпаратты екі тарап та растағанын жеткізді.

Торрес пен Санчес арасындағы айқас басқа PPV-кештің аясында, нақтырақ айтқанда, Себастьян Фундора – Кит Турман шоуында 28 наурызда өтуі әбден мүмкін.

Айта кетейік, Ричард Торрес Токио Олимпиадасының жартылай финалында Қамшыбек Қоңқабаевтан басым түскен еді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!