10 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов Асланбекпен бәсекелестігі жайлы сөз қозғады

Абылайхан Жүсіпов Асланбекпен бәсекелестігі жайлы сөз қозғады

Әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов рингтегі Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергеновпен кездесу туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Aqyrys Seitqazy-ның YouTube арнасына сілтеме жасап.

«Ең алдымен айтқым келетіні, Асланбек Шымбергенов өте мықты боксшы әрі құрметке лайық адам. Ер азамат ретінде өте сыйлаймын. Ол артық сөз айтпайды. Ерекше мінезге ие: әрдайым сабырлы, қарапайым және тек нақты нәрсе туралы сөйлейді. Сондықтан рингтен тыс жерде мен оған үлкен құрметпен қараймын.

Рингке келетін болсақ, ол өте мықты және қиын қарсылас. Оның бойы биік, қолдары ұзын, бокс мектебі жақсы қалыптасқан.

Иә, ұзақ уақыт біз бәсекелес болдық. Біз үш рет кездесуге мәжбүр болдық. Бір рет мен жарақатыма байланысты шықпаған едім. Ал екі рет Қазақстан чемпионатында жекпе-жек өткіздік және екі рет те мен жеңіске жеттім.

Дегенмен, халықаралық турнирлерде Асланбек шынымен де өте сапалы бокс көрсетеді», — деп бөлісті Жүсіпов.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!