05.02.2026
Қазақстан боксшылары Испанияда алғашқы ірі турнирге қатысады
Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite халықаралық бокстан турнирі жалғасуда. Оған Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары қатысуда.
5 ақпанда Қазақстан атынан рингке бірден 13 спортшы шығады. Ойындар екі рингте өтеді. Басталу уақыты — Қазақстан уақытымен 19:30.
Ринг А:
- Әйелдер, 60 кг: Евгения Графеева — Мауд ван дер Торн (Нидерланды)
- Әйелдер, 65 кг: Назерке Серік — Марианна Сото (Испания)
- Ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан — Элвин Ванукага (Швеция)
- Ерлер, 60 кг: Серік Теміржанов — Кеома-Али аль-Ахмади (Канада)
- Ерлер, 75 кг: Тимур Нұрсеитов — Кайл Шоу-Таллин (Англия)
- Ерлер, 90 кг: Онталап Рахманов — Энмануэль Рейес Пла (Испания)
- Ерлер, 90+ кг: Нұрасыл Асылхан — Саван Гилл (Үндістан)
Ринг Б:
- Әйелдер, 60 кг: Виктория Байдукова — Татьяна Довгаль (Украина)
- Әйелдер, 65 кг: Акнар Ищанова — Каял (Үндістан)
- Ерлер, 55 кг: Бексұлтан Боранбек — Максимус Томинес (Канада)
- Ерлер, 75 кг: Аман Қонысбеков — Хассана Эль Кадми (Франция)
- Ерлер, 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Кандоро Сукуна (Франция)
- Ерлер, 90+ кг: Айбек Оралбай — Мэтт Уильямс (Англия)
Boxam Elite-2026 Қазақстан боксшылары үшін 2026 жылғы алғашқы ірі турнир болып табылады. Ерлер құрамасы үшін бұл жаңа бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігімен дебюттік жарыс.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»