5 күн бұрын
Темиров WBF әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады
Қазақ кәсіпқой боксшысы Виктор Темиров келесі жекпе-жегін Германияда өткізіп, чемпиондық белбеу үшін күш сынасады.
7 ақпанда Бад-Херсфельд қаласында Темиров (9-0, 6 КО) жеңілмеген неміс боксшысы Доминик Арнольдпен (5-0, 2 КО) кездеседі. Жекпе-жектің басты мақсаты – WBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы.
Жекпе-жектен бір күн бұрын қарсыластар баспасөз мәслихатында кездесіп, көзқарастарын айқастырды. Оқиғадағы кадрларды Темиров өз әлеуметтік желілерінде бөлісіп, жекпе-жекке дайын екенін көрсетті.
Айта кетейік, қазақстандық боксшыға «Мясник» деген лақап ат берілген. Неміс жанкүйерлері оны Геннадий Головкиннің мансаптың алғашқы кезеңіндегі бейнесіне жиі ұқсататыны белгілі – әйгілі қазақстандық та өз жолын Германиядан бастаған еді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!