5 күн бұрын

Испаниядағы бокс турнирінде бүгін Қазақстан құрамасынан кімдер шығады

Испаниядағы бокс турнирінде бүгін Қазақстан құрамасынан кімдер шығады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін, 6 ақпанда Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирінде қазақстандық 17 боксшы жартылай финалда сынға түседі, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. 

А рингі

Әйелдер. 65 келі. Назерке Серік - Пранджал Ядав (Үндістан);

Әйелдер. 80 келі. Гузаль Садыкова - Найна (Үндістан);

Әйелдер. 80 келіден жоғары. Умида Садыкова — Каур Манкират (Үндістан);

Ерлер. 50 келі. Санжар Тәшкенбай - Карлос Диас (Испания);

Ерлер. 55 келі. Махмұд Сабырхан - Сингх Манденгбан Джадумани (Үндістан);

Ерлер. 70 келі. Төрехан Сабырхан - Хитеш (Үндістан);

Ерлер. 75 келі. Тимур Нұрсейітов - Акаш (Үндістан);

Ерлер. 85 келі. Нұрбек Оралбай - Рикардо Адриан Фреснеда (Испания);

Ерлер. 90 келіден жоғары. Нұрасыл Асылхан - Дмитро Ловчинский (Украина).

Б рингі

Әйелдер. 48 келі. Елянур Тұрғанова - Марта Лопес дель Арболь (Испания);

Әйелдер. 80 келіден жоғары. Панар Сейітханқызы - Тиндая Лусия Гуллен Ортис (Испания);

Ерлер. 50 келі. Нұрзат Онғаров - Исмаэль Маграуи (Испания);

Ерлер. 70 келі. Нұрбек Мұрсал - Дипак (Үндістан);

Ерлер. 75 келі. Аман Қонысбеков - Юрий Захареев (Украина);

Ерлер. 80 келі. Азамат Бектас - Анкуш (Үндістан);

Ерлер. 90 келі. Сағындык Тоғамбай - Павло Мичковский (Украина);

Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Андрей Халецкий (Украина).

Финалдық жекпе-жектер ертең,7 ақпан күні өтеді. Еліміздің ерлер құрамасы үшін халықаралық турнир - Нұржан Насановтың жеткшілігімен өтіп жатқан алғашқы жарыс. Ол жыл басында Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!