6 сағат бұрын
Элянұр Тұрғанова Испаниядағы турнирде қола алды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирінде қазақстандық Элянұр Тұрғанова (48 келі) қола жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз жартылай финалда Март Лопеске 0:5 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ бүгін халықаралық турнирде барлығы қазақстандық 17 боксшы сынға түсуге мүмкіндік алған еді.
Финалдық жекпе-жектер ертең,7 ақпан күні өтеді. Еліміздің ерлер құрамасы үшін халықаралық турнир - Нұржан Насановтың жеткшілігімен өтіп жатқан алғашқы жарыс. Ол жыл басында Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!