4 сағат бұрын
Руслан Курбанов Германиядағы әлем кубогының жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан ҰОК
Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогының кезеңінде Руслан Курбанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Курбанов жекелей сыннда топ жарды.
Отандасымыз ақтық сында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (жекелей сын) Давиде ди Веролиді (Италия) 15:14 есебімен жеңді.
Қазақстандық спортшы алдымен тағы бір отандасымыз Эльмир Әлімжановты тізе бүктірсе, одан кейін мажарастандық Давид Надь, жапониялық Акира Комата, қазақстандық
Никита Жулинский. нидерландтық Тристан Тюленді қапы қалдырды.
Сондай-ақ, бұл жарыста алғаш рет Ұлттық құраманың 4 спортшысы - Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов пен Александр Федотов ТОП-16 қатарына кірді. Хайденхаймдағы кезеңде 44 мемлекеттің 373 үздік семсерлесу шебері күш сынасып жатыр.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!