4 күн бұрын
Қазақстан боксшысы Испаниядағы турнирдің финалына жолдама алды
Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Ташкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде финалға шығып, сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Ташкенбай жергілікті спортшы Карлос Диасты айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлде үшін жұдырықтасу мүмкіндігіне ие болды.
024Boxing басылымы қазақстандық боксшының өнерін жоғары бағалап, оның жылдамдығы мен шеберлігін ерекше атап өтті. Финалда Санжар тағы бір испаниялық боксшы Исмаэль Маграуимен кездеседі.
Айта кетейік, Санжар Ташкенбай — 2022 жылғы Азия чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы (IBA — 2023, World Boxing — 2025).
Біздің серіктес: Бізге тіркел!