4 сағат бұрын

Санжар Тәшкенбай Испаниядағы турнирдің финалында нокдаунмен жеңіске жетті

Санжар Тәшкенбай Испаниядағы турнирдің финалында нокдаунмен жеңіске жетті

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінің финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

50 келіде жұдырықтасқан отандасымыз финалда жарыс қожайыны Исмаэль Маграуи Фриамен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Санжардың жеңісімен аяқталды. Айта кетерлігі, екінші раундта Санжардың қарсыласына нокдаун есептелді.

Санжар Ташкенбай - 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатының және 2025 жылы Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен World Boxing ұйымы аясындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!