3 сағат бұрын
Төрехан Сабырхан Испаниядағы турнирде камбэк жасап кетті
Қазақстан құрамасының ең жас боксшыларының бірі саналатын Төрехан Сабырхан Boxam турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
World Boxing ұйымының әлем чемпионы турнирдің «алтыны» үшін өткен жекпе-жекте үндістандық боксшы Дипакпен рингте кездесті. Айқас Сабырханның төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (4:1) жеңісімен аяқталды. Бұл ретте бірінші раундта қазақстандық боксшы 0:5 есебімен ұтылып қалды. Алайда қалған екі раундта көрермендердің қызу қолдауымен қарсыласына қарқынды қысым көрсетті.
Төрехан - 2025 жылы Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing әлем чемпионатының жеңімпазы. 2024 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатын төрт рет жеңіп алған (әлемде жалғыз) спортшы.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов