3 күн бұрын
Боксшыларымыз Испаниядан бес алтынмен оралды
Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті. Отандық былғары қолғап шеберлері жалпы есепте бес алтын, үш күміс және төрт қола медальға ие болды.
Алтын медаль иегерлері:
• 50 кг – Санжар Тәшкенбай
• 55 кг – Махмұд Сабырхан
• 70 кг – Төрехан Сабырхан
• 85 кг – Нұрбек Оралбай
• 90+ кг – Айбек Оралбай
Күміс медаль:
• 75 кг – Аман Қонысбеков
• 90 кг – Сағындық Тоғамбай
• 90+ кг – Нұрасыл Асылхан
Қола медаль:
• 50 кг – Нұрзат Оңғаров
• 70 кг – Нұрбек Мурсал
• 75 кг – Тимур Нұрсейітов
• 80 кг – Азамат Бектас
Қазақстан боксшыларының бұл жетістігі халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтып, ел спортшыларының әлемдік деңгейде мықты екенін көрсетті.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!