8 сағат бұрын
47 жастағы Мэнни Пакьяоның кезекті қарсыласы ресми жарияланды
18 сәуірде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Thomas & Mack Center аренасында аңызға айналған чемпион Мэнни Пакьяо ресейлік боксшы Руслан Проводниковпен жекпе-жек өткізеді. Бірақ ресми есепке кірмейді, деп хабарлайды Sport12.kz
Өткен жылы 47 жастағы Пакьяо мансабын қайта жандандырды. Ол жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы Марио Барриостан белбеуді тартып алуға аз қалды. Бірақ жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.
Ардагер боксшы екінші рет қатарынан титулдық айқасқа шығуы мүмкін еді. Қаңтар айында WBA чемпионы Роландо Ромеромен келіссөздер жүргізілген. Алайда басты қарсыласы Флойд Мейвезермен қомақты қаржыға реванш өткізуі мүмкін деген қауесеттер шыққан соң, ол бұл ойынан бас тартты.
Пакьяо мен Проводниковтың жекпе-жегі екеуі де мансаптарының шарықтау шегінде жүрген кезде талқыланған болатын. Сол кезде «жыл жекпе-жегі» атануы мүмкін болған айқас ақыры өтпей қалды.
Ал 42 жастағы Руслан Проводников 2016 жылдан бері ресми жекпе-жек өткізген жоқ.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов