Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың турнирі неге қыздардың арасында ғана өтеді?

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың турнирі неге қыздардың арасында ғана өтеді?

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі болған Ермахан Ибраимовтың атындағы халықаралық турнир биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы орайда атақты боксшы турнирдің ерекшелігі мен болашағы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Олимпиада чемпиондары арасынан Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев және өз атыңыздағы турнирлер өтіп жүр. Мұндай жарысты ұйымдастыру идеясы қалай туды?

- Тәуелсіз Қазақстан болғалы елімізде жарыстардың өтуі тоқтаған емес. Бізге дейін де Серік Қонақбаев, Әбдісалан Нұрмаханов, Виктор Демьяненконың атындағы жарыстар ұйымдастырылатын. Менің немесе өзге де боксшылардың турнирді өткізудегі мақсаты – туған өлкесіндегі спорттың дамуына атсалысу. Менің алғашқы бәсекем Ақтөбе қаласында басталған еді. Одан кейін Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында жалғасты. Артынша Алматы қаласына көштім.

Сіздің турнирдің басты ерекшелігі - тек қыздар арасында ғана жүлде сарапқа салынады. Неге бұл бағытты таңдадыңыз?

- Бастапқыда менің жарысымда тек ұлдар ғана жұдырықтасатын. 2016 жылы қазіргі әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин маған елімізде жасөспірім және жастар санатындағы қыздар арасында бірде-бір халықаралық жарыс өтпейтіндігін айтты. Оның үстіне қазір Олимпиадада да әйелдердің салмағы уақыт өткен сайын артып жатты. Осыны ескере келе, қыздар боксының дамуына өз үлесімді қосуды жөн көрдім. Кейінгі сегіз жылда бұл бәсекеде Елдана Талипова, Бақыт Сейдіш секілді спортшылар, сондай-ақ Өзбекстаннан Олимпиада ойындарына қатысқан боксшылар жүлде үшін бақ сынады.

Турнирге Қытай, Үндістан, Моңғолия секілді елдердің қатысуына қандай факторлар әсер етеді? 

- Ұлттық құраманың аға жаттықтырушылары өзге елдердің бапкерлерімен тұрақты байланыста болып, жарыстар туралы алдын ала хабарлап отырады. Соның нәтижесінде кей мемлекеттер тәжірибе жинау мақсатында турнирімізге қатысуға ниет білдіреді. Биыл Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен спортшылар келді. Бұған дейін Ресей мен Түркия да қатысқан болатын. Алдағы мақсатым - қатысушы елдердің санын 10–15-ке жеткізіп, турнирді «кіші әлем чемпионаты» деңгейіне дейін көтеру.

Турнирді алдағы уақытта қалай дамытуды жоспарлап отырсыз?

- Кейінгі жылдары Алматы облысында бірқатар маңызды өзгерістер жасалып жатыр. Оған Қапшағай қаласының Қонаев деп өзгертілуі, Alatau City жаңа қаласының жобасын айтуға болады. Егер алдағы уақытта ірі спорттық кешендер салынса, турнирді Қонаев қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең басты арманым - Ермахан Ибраимовтың атындағы халықаралық турнир Алматы облысының спорттық имиджін қалыптастыратын, беделді додаға айналуы.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»