Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

20 сағат бұрын

Төрехан Сабырханның болашағы сарапшылар назарында

Төрехан Сабырханның болашағы сарапшылар назарында

Ұлыбританиялық әуесқой бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинс қазақстандық жас талант Торехан Сабырхан туралы айтты.

Осы айда Сабырхан Испанияда өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, жарқын өнер көрсетті. Бұдан кейін Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков спортшының бір олимпиадалық циклді өткізіп, кейін кәсіпқой боксқа ауысуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

О’Хиггинстің сөзінше, жуырда ғана 20 жасқа толған Сабырхан соңғы бір жылда физикалық тұрғыдан айтарлықтай күшейген.

— Жаңадан әлем чемпионы атанған Торехан Сабырхан небәрі 20 жаста, бірақ өткен жылдан бері оның физикалық тұрғыда айқын өскені байқалады. Бұл — дивизиондағы қарсыластары үшін дабыл белгісі. Әрине, оның зейін қоюы мен кей сәттерде шамадан тыс агрессивтілік танытуына қатысты белгілі бір алаңдаушылық бар. Дегенмен, ол әуесқой бокстағы ең қарқынды дамып келе жатқан таланттардың бірі болып қала береді, — деп жазды сарапшы Х әлеуметтік желісінде.

Торехан Сабырхан — болашағынан зор үміт күттіретін боксшы. Алдағы олимпиадалық цикл оның мансабындағы шешуші кезең болмақ.




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»