9 сағат бұрын
Кіл мықтылар сескенетін Давид Бенавидестің кезекті қарсыласы белгілі
WBA және WBO нұсқалары бойынша ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) әлем чемпионы, мексикалық Хильберто Рамирес (48–1, 30 КО) өз титулдарын АҚШ өкілі, WBC белбеуінің жартылай ауыр салмақтағы (79,4 келіге дейін) иегері Давид Бенавидеске (31–0, 25 КО) қарсы қорғайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айқас 2 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында, T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл жекпе-жек Синко де Майо мерекесіне орай ұйымдастырылатын биылғы жылдың басты бокс оқиғасы әрі Premier Boxing Champions шоуының негізгі кездесуі болмақ.
Айта кетейік, Давид Бенавидеске қарсы шығуға кезінде Сауль Альварес, Дмитрий Бивол және Артур Бетербиев те бас тартқан болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов