Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстандық боксшылар «Странджа кубогы» алдында жаттығу өткізді

Қазақстандық боксшылар «Странджа кубогы» алдында жаттығу өткізді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Қазақстан Болгарияның София қаласында өтетін бокстан «Странджа кубогы» жарысы алдында алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Халықаралық турнирдің жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен 23:00-ге белгіленген.

Бұл жарыста еліміздің атынан ұлттық құрама сапында 39 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында негізінен тәжірибелі былғары қолғап шеберлері және жастар бар. Ұлттық құраманың негізгі боксшылары бұл турнирден тыс қалып отыр.

Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.

Өткен жылы Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді. Олар 6 алтын медальмен жалпы есепте бірінші орын алды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»