2 сағат бұрын
Қазақстандық боксшылардың «Странджа» турниріндегі қарсыластары анықталды
Фото: Қазақстан ҰОК
Болгария астанасы София қаласында 23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Ерлер
50 келі. Даниял Сәбит - Улаш Ялчинкая (Түркия), Бекзат Алдамжаров - Асылбек Жалилов (Өзбекстан)
55 келі. Тимур Қабдешов - Пэтси Джойс (Ирландия), Бағлан Кенжебек - Ниджат Хусейнов (Әзербайжан)
60 кгелі Бейбарыс Жексен - Лундаа Гантумур (Моңғолия), Руслан Кузеубаев - Салим Эллис-Бей (АҚШ)
65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Джейсон Невин (Ирландия), Әбдікәрім Әбдіғалым - Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан), Илья Калинин - Заур Гахраманов (Әзербайжан)
70 келі. Фарух Тоқтасынов - Арсен Чабян (Аустрия), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан)
80 келі: Санжарәли Бегалиев - Кауэ дос Сантос Белини (Бразилия), Диас Молжігітов - Робби Гонсалес (АҚШ)
85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы - Саба Квиникадзе (Грузия), Бекзат Таңатар - Паоло Карузо (Италия)
90 келі: Нурмагамед Юсупов - Коннор Уильямс (Уэльс), Дәулет Төлемісов - Семён Болдырев (Болгария)
90 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай - Даниял Сапарбай.
Әйелдер
48 келі. Айгерим Сәттібаева - Анна Охота (Украина), Әнел Кдайберген - Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
51 келі, Жазира Орақбаева - Фатиха Мансури (Алжир), Анита Әдішева - Кейтлин Фрайерс (Ирландия)
54 келі. Элина Базарова - Моник Сурачи (Аустрия), Жайна Шекербекова - Тала Хаббас (Болгария), Әнел Сақыш - Энхжаргал Мунгунцэцэг (Моңғолия)
57 келі. Ұлжан Сарсенбек - Айдана Забынбекова
60 келі. Виктория Графеева - Гизем Озер (Түркия) / Келли Маклафлин (Ирландия), Римма Волосенко - Алиша Крокетт (АҚШ)
65 келі. Лаура Есенгелді - Мэри-Энджелис Росендо (АҚШ), Аружан Жаңабаева - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
70 келі. Бақыт Сейдиш - Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия), Мәдина Нұршаева - Дилара Сак (Түркия)
75 келі. Валентина Хальзова - Амалия Нита (Румыния), Мария Сидоренко - Наоми Грэм (США)
80 келі. Надежда Рябец - Ярен Дюзташ (Түркия) / Рухшона Парпиева (Өзбекстан)
80 келі. Дина Исламбекова - Хавванур Кетхюда (Түркия), Валерия Аксенова - Собирахон Шахобиддинова.
Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.
Өткен жылы Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді. Олар 6 алтын медальмен жалпы есепте бірінші орын алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»