Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстандық 12 боксшы «Странджа кубогының» келесі кезеңіне шықты

Қазақстандық 12 боксшы «Странджа кубогының» келесі кезеңіне шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан «Странджа кубогының» екінші жарыс күнінде қазақстандық он екі боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Кешкі сессияда 65 келіде Илья Калинин, Ертуған Зейнуллинов, 90 келіде Дәулет Төлемісов, Б рингінде 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, 90 келіде Нұрмагамед Юсупов қарсыластарын қапы қалдырып кетті.

Ал күндізгі сессияда 51 келіде Жазира Орақбаева, 70 келіде Мәдина Нұршаева, 54 келіде Әнел Сақыш, Элина Базарова, Жайна Шекербекова, 55 келіде Бағлан Кенжебек жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Ал 51 келіде Анита Адишева, 55 келіде Тимур Қабдешов, 65 келіде Әбдікәрім Әбдіғалым жарыс жолын аяқтады.

Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасы 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады. 

Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»