Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Азия чемпионы Римма Волосенко Странджа турнирінде жеңілді

Азия чемпионы Римма Волосенко Странджа турнирінде жеңілді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан Римма Волосенко (60 келі) жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Азия чемпионы Римма Волосенко 1/4 финалда Египет спортшысы Йомна Айадпен жұдырықтасты. 

3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте Йомна Айад сәл ғана басымдықпен, 3:2 есебімен басым түсті.

Римма Волосенко 1992 жылы Қостанай облысында туған. Бокспен мектепте оқып жүргенде айналыса бастады. Қазір оның қоржынында Қазақстан біріншілігінің төрт алтыны мен Азия чемпионатының алтын жүлдесі бар. Бұдан бөлек ол көптеген халықаралық додаларда топ жарған.

23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.

Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан тоғыз боксшының бесеуі жарыстың келесі сатысына шықты Олардың қатарында Әнел Сақыш, Элина Базарова, Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»