Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Странджа турнирінде Виктория Графеева әлем чемпионына есе жіберді

Странджа турнирінде Виктория Графеева әлем чемпионына есе жіберді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан Виктория Графеева (60 келі) жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Виктория Графеева 1/4 финалда әлем чемпионы Ребека де Лима Сантосқа (Бразилия) 2:3 есебімен жол берді.

Айта кетсек, кешкі сессияда қазірге дейін Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) пен Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолын аяқтады. 

Ал күндізгі сессияда Айгерім Сәттібаева (48 келі), Әнел Құдайберген (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Илья Калинин (65 келі) қарсыластарына есе жіберді.

23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.

Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан тоғыз боксшының бесеуі жарыстың келесі сатысына шықты Олардың қатарында Әнел Сақыш, Элина Базарова, Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»