Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Лаура Есенкелді Странджа турнирінде жартылай финалға шықты

Лаура Есенкелді Странджа турнирінде жартылай финалға шықты

Скриншоттан үзінді

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан Лаура Есенкелді (65 келі) жартылай финалға шықты., деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымызширек финалда 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының финалисі Андра Кринута Себемен (Румыния) айқасты.

3 раундта да отандасымыз қарсыласын қарымта шабуылмен күтіп, қуатты соққыларын дарытты. Есеп: 5:0.

Айта кетсек, кешкі сессияда қазірге дейін Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) пен Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолын аяқтады. 

Ал күндізгі сессияда Айгерім Сәттібаева (48 келі), Әнел Құдайберген (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Илья Калинин (65 келі) қарсыластарына есе жіберді.

23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»