Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Странджа турнирінде қазақстандық алты боксшы жарысты аяқтады

Странджа турнирінде қазақстандық алты боксшы жарысты аяқтады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан тағы үш боксшы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Халықаралық турнирде 70 келіде бақ сынайтын Мадина Нұршаева 1/4 финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Шантель Ридпен (Англия) кездесті.

3 раундта да ағылшын боксшысы басымдық танытып, 5:0 есебімен басым түсті.

Ал 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы, 70 келідегі Бақыт Сейдіш ширек финалда Бразилия спортшысы Вивиана Дос Сантос Перейраға 0:5 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ 75 келідегі Мария Сидоренко 1/4 финалда әлем чемпионатының жүлдегері Наоми Грэммен күш сынасып, 0:5 есебімен жол берді.

Айта кетсек, кешкі сессияда қазірге дейін Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) пен Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолын аяқтады. 

Ал күндізгі сессияда Айгерім Сәттібаева (48 келі), Әнел Құдайберген (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Илья Калинин (65 келі) қарсыластарына есе жіберді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»