Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Валентина Хальзова Странджа турнирінде медальға таласады

Валентина Хальзова Странджа турнирінде медальға таласады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан Валентина Хальзова (75 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұлттық құраманың тәжірибелі боксшысы, әлем чемпионы, Валентина Хальзова 1/4 финалда Амалия Нитамен (Румыния) жұдырықтасты.

Жекпе-жек бойы отандасымыз рингте сенімді қимылдап, еш қиындықсыз келесі айналымға өтті. Қорытынды есеп: 5:0.

Айта кетсек, 26 ақпанда ел құрамасынан Мәдина Еұршаева (70 келі ), Бақыт Сейдіш (70 келі), Мария Сидоренко (75 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Айгерім Сәттібаева (48 келі), Әнел Құдайберген (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Илья Калинин (65 келі) қарсыластарына есе жіберді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»