4 сағат бұрын
Болгариядағы турнирде тоғыз боксшы жарысты жалғастырады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан Странджа турниріндің төртінші жарыс күнінде, 26 ақпанда ел құрамасынан тоғыз боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Еліміздің атынан рейтингтік турнирге 39 боксшы аттанған еді. Биыл 77 мәрте жалауын желбіреткен турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.
Халықаралық турнирдің төртінші жарыс күнінде Әнел Сақыш (54 келі), Элина Базарова (54 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (70 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарыстың келесі сатысына шықты.
Ал Мәдина Нұршаева (70 келі ), Бақыт Сейдіш (70 келі), Мария Сидоренко (75 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Айгерім Сәттібаева (48 келі), Әнел Құдайберген (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Илья Калинин (65 келі), Виктория Графеева (60 келі) қарсыластарына есе жіберді.
23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»