22 сағат бұрын
Қазақстан боксшылары «Странджада» ширекфиналда
Болгарияның София қаласында халықаралық бокс турнирі «Странджа кубогы» жалғасып жатыр. Қазақстан ұлттық құрама командасы да бұл жарыста белсенді қатысуда.
27 ақпанда қазақстандық боксшылар қатысатын он ширекфиналдық кездесу өтеді. Күндізгі сессия сағат 17:00-де, кешкі сессия 21:00-де басталады. Барлық жекпе-жектердің тікелей эфиры көре аласыздар.
Күндізгі сессия (17:00)
Ринг А
- 50 кг, ерлер: Даниял Сәбит – Улаш Ялчинкая (Турция)
- 70 кг, ерлер: Фарух Тохтасынов – Рэнди Ботикали (Германия)
Ринг Б
- 55 кг, ерлер: Бағлан Кенжебек – Билгуунсайхан Хархуу (Моңғолия)
- 65 кг, ерлер: Ертуған Зейнуллинов – Малик Гасанов (Әзірбайжан)
- 70 кг, ерлер: Мұхаммедсабыр Базарбайулы – Лавант Браунли (АҚШ)
Кешкі сессия (21:00)
Ринг А
- 85 кг, ерлер: Сұлтанбек Айбарұлы – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
- 90 кг, ерлер: Дәулет Түлемісов – Джозеф Авинонгья (АҚШ)
- 90+ кг, ерлер: Нұрлан Сапарбай – Озодбек Алиев (Өзбекстан)
Ринг Б
- 85 кг, ерлер: Бекзат Таңатар – Матвей Ражба (Украина)
- 90 кг, ерлер: Нұрмагамед Юсупов – Самир Собиров (Өзбекстан)
Еске салайық, «Странджа кубогы» 2026 жылы 77-ші рет өтеді. Бұл жарыс «кіші әлем чемпионаты» деген атаумен де танымал және Еуропадағы ең көне бокстан халықаралық турнир болып саналады. Жартылай финалдар 28 ақпанда, финалдық кездесулер 1 наурызға жоспарланған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»