15 сағат бұрын
Бағлан Кенжебек «Странджа» турниріндегі жолын аяқтады
Бүгін, 27 ақпан күні Болгария астанасы Софияда 77-ші «Странджа» турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Болгариядағы турнирге алғаш рет қатысып жатқан 55 келідегі Бағлан Кенжебек 1/4 финалда Билгуунсейхан Хархуумен (Моңғолия) жұдырық түйістірді. 3 раундқа жалғасқан жекпе-жекте қарсылас 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Болгариядағы турнирдің бүгінгі бағдарламасында 10 боксшымыз шығады деп жоспарланған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов