Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстандық төрт боксшы Странджа турнирінде жарысты аяқтады

Қазақстандық төрт боксшы Странджа турнирінде жарысты аяқтады

Фото: atletic_fitness

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің бесінші жарыс күні, 27 ақпанда ел құрамасынан қазақстандық төрт боксшы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

2025 жылы көпшілікке танылған, әлем Кубогының жеңімпазы Сұлтанбек Айбарұлы 1/4 финалда әлем чемпионы Акмалжон Исроиловқа (Өзбекстан) түсті.

85 келіде өткен жекпе-жекте қос боксшы да аянып қалмады. Отандасымыз алғашқы раундта қарымта шабуылымен қарсыласын күтіп алғанымен, қалған уақытта Акмалжон таразы басын өз жағына бұрды. Есеп: 0:5.

85 келіде бақ сынауға мүмкіндік алған Бекзат Таңатар ширек финалда соққысы ауыр Матвей Ряжбамен шықты.

Бастапқы 2 раундта белсенді шабуылдаған украиналық боксшы ұпайын түгендеп, 5:0 есебін соңына дейін сақтап қалды.

2025 жылғы Қазақстан чемпионы, 90 келіге көтерілуге шешім қабылдаған Дәулет Төлемісов 1/4 финалда АҚШ-тың талантты өкілі Джозеф Авинонгиамен айқасып, 0:5 есебімен жол берді.

Әлем чемпионатының қатысушысы, 90 келідегі Нурмагамед Юсупов 1/4 финалда Өзбекстан спортшысы Самир Собировпен жекпе-жекке шықты.

3 раундқа жалғасқан айқас 5:0 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»