Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Отандық дербиде Элина Базарова басым түсті

Отандық дербиде Элина Базарова басым түсті

Бокстан Болгария астанасы Софияда дәстүрлі «Странджа» турнирінің жартылай финалы басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Жастар арасында әлем чемпионы, 54 келідегі Элина Базарова жартылай финалда Анель Сақышпен өзара мықтыны анықтады.

Өте шиеленісті және жақын өткен айқаста Элина Базарова 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қос боксшы 2025 жылы Семейдегі ел чемпионатының да жартылай финалында жолы түйісіп, Элинаның мерейі үстем болған еді.

Айта кетейік, Болгариядағы турнирдің бүгінгі бағдарламасында 8 боксшымыз шығады деп жоспарланған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»