9 сағат бұрын
Лаура Есенкелді әлем чемпионатының жүлдегерін жеңіп кетті
Бокстан Болгария астанасы Софияда дәстүрлі «Странджа» турнирінің жартылай финалы басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
65 келідегі Лаура Есенкелді жартылай финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Грейн Уолшпен кездесті.
Қос боксшы да көп шабуылдамай, қарымта шабуылға иек артты. Нәтижесінде отандасымыз соққы алмасуда дәлдік танытып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Болгариядағы турнирдің бүгінгі бағдарламасында 8 боксшымыз шығады деп жоспарланған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов